Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Құстарды қыста тамақтандырыңыз» атты қалалық акция басталды
29-12-2018 13:54
«Құстарды қыста тамақтандырыңыз» атты қалалық акция басталды

     Павлодар қаласының Ж. Аймауытов атындағы драма театрының саябағында облыстың экология жылы аясында жыл сайынғы «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» атты қалалық акция басталды. Акцияның ұйымдастырушылары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ. Мақсаты - акцияға қатысуға тарту, құстың қыстайтын түрлерін сақтау және қолдау.

    Қыста құстарды тамақтандыру-ертеден келе жатқан дәстүр. Оның алғашқы бастамашылары құстың өздері болды, адам баспанасының жанында бір-біріне тарқатуға болатынын меңгереді.

   Акцияны орталығының балалар бірлестіктері және қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам оқушысы қолдады. Акцияны электролиз зауыты өкілі қоршаған ортаны қорғау бойынша инженер Бакенов Әміржан Ахатұлы ашты, ол оқушыларға экологиялық мәселелерді шешуге, белсенді қатысқаны және тәжірибелік үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Саябақтың аумағында оқушылар электролиз зауыты өкілдерімен бірге құстарға арналған 20-дан астам жемсауыттарды іліп қойды. «Қысқы күн қысқа, ал аман қалу үшін құстарға жаздан көрі қыста артық тамақ жеу керек. Егер құс қыста 6 сағат жемесе, ол қаза болуы мүмкін», - деп атап өтті «Табиғат және біз» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Хамитова Ханшайым. «Біз құстарға суық кезеңді бастан өткізуге көмектесеміз», -  дейді «Юный цветовод» және «Родная природа» балалар бірлестіктерінің жас экологтары Сорока Виолетта мен Керн Эрика. Қатысушылар балалар бастаған акция қаланың ересек тұрғындарын да бей-жай қалдырмайды деп үміттенеді.