ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің тәрбиелік мәні
04-01-2019 11:25
Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің тәрбиелік мәні

Қазақстан Республикасының «Біілім туралы» заңын орындау мақсатында 2019 жылдың 3мен 5 қаңтар аралығында Павлодар қаласының барлық білім беру мекемелерінде  баланың оқуы мен тәрбиесіндегі маңызды сұрақтарды талқылау мақсатында  ІІ қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Қоғамдық тыңдаулардың негізгі мақсаты - бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің тәрбиелік мәні  және ата-аналардың баланы тәрбиелеуде атқаратын рөлі туралы сонымен қатар оқу-тәрбиелеу процессінде республика, облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарда ата-ананың қызметін дәріптеу болып табылады.

Бұл қоғамдық тыңдауларға ата-аналар қоғамы, білім беру мекемесінің педагогтары мен әкімшілігі, аймақтың әкімдіктері, балалардың құқығын қорғау комиссия мүшелері мен үкметтік есем ұйымдардың мүшелері қатыса  алады.

Тыңдауда мемлекеттік және жергілікті деңгейде қабылданған құқықтық актілермен таныстырылады, білім беру саласында қабылданған құжаттармен, білім саласында туындаған проблемалық сұрақтар,  республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат мәселесі, білім саласындағы кадрлық сұрақтар, білім саласындағы маңызды сұрақьтарда ата-аналардың рөлі туралы мәселелер көтеріледі.

Сонымен қатар тәрбие саласындағы Концептуалдық негіздердің әдістемелік нұсқаулары мен Қазақстан Республикасының қосымша білім беру саласындағы сұрақтар сөз етіледі. Бұл қоғамдық тыңдауларға 5 мыңнан астам ата-аналар қатысады деп жоспарлануда.