ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өз мамандығын таңдау
04-01-2019 12:28
Өз мамандығын таңдау

Павлодар қаласының № 40 ЖОМ-інде оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс шеңберінде «Еңбек биржасы» квест-ойыны өткізілді. Мақсаты - мамандық таңдауға, болашақ мамандықты анықтауға көмек көрсету.  Ойынның ұйымдастырушылары мектептік өзін-өзі басқару комитеті болды.

Ойынға 8 - 11 сынып оқушылары арасынан 5 команда қатысты. Кәсіп шеруінде командалардың ойын түрінде 5 негізгі мамандық жіктемесі ұсынылды - адам - адам (мұғалім), адам - техника (слесарь), адам - белгі жүйесі (бухгалтер), адам - көркем бейнесі (дизайнер), адам - табиғат (агроном).

Қатысушыларға кәсіптердің осындай жіктелуі туралы, өзінің кәсіби қызметін, мамандығын, лауазымын анықтау және олардың формуласын құру туралы білу қызықты болды. Ойыншыларға мектеп директоры, медбике, музыкалық жетекші және басқа да мектеп қызметкерлерінің мамандығын, лауазымын атау ұсынылды. Жоғары сынып оқушылары менеджер, секьюрити, арт-директор, промоутер, маркетолог сияқты мамандықтарын сипаттау туралы тапсырманы орындады. Ойынға қатыса отырып, командалар ұжымдық жұмыс дағдыларын алды.

«Ойын барлық қатысушылар үшін танымдық және қызықты болды, инновациялық түрде өткізілді. Менің ойымша, көпшілігі өз мамандығын таңдауда анықталды», - деп атап өтті мектептің өзін-өзі басқару комитетінің төрайымы, 10 сынып оқушысы Нұрғали Әйгерім.