Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының командасы облыстық пән олимпиадасында жүлделі орындардың үлкен санына ие болды
06-01-2019 12:31
Павлодар қаласының командасы облыстық пән олимпиадасында  жүлделі орындардың үлкен санына ие болды

      Павлодар қаласының командасы үздік атанды. Облыстық пән олимпиадасына 65 оқушы қатысып, өз білімдерін 15 пән бойынша сынады. Қалалық білім беру бөлімі облыстық олимпиада қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар мұндай жоғары жетістіктерге бұрын-сонды жетпегендіктерін атап өтті. Павлодар мектептерінің оқушылары 47 жүлделі орын алды: 10 - бірінші, 10 - екінші және 27-үшінші орын.Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.

     Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары, №35 ЖОМ түлегі Қасымжан Зухра, №37 ЖОМ түлегі Құттыбаева Анель гуманитарлық және экономикалық бағыттар бойынша ИнЕУ-дің білім гранттарына ие болды.Қала мектептері арасында үздік нәтиже көрсеткен №1, 9, 16, 18, 23, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 42 орта мектептері. Пән олимпиадасының облыстық кезеңіндегі 9 жеңімпазы облыс намысын республикалық кезеңінде қорғайтынын атап өту керек.

   Павлодар қаласының оқушылары химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінен жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Қала командасы тағы бір мәрте үздік болып танылды. Бұл оқушылардың ғана емес, оларды дайындаған мұғалімдердің де үлкен жеңісі екенін Павлодар Дарыны орталығының басшысы Азамат Шаймұрат атап кетті.