ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан халық қуыршақтары және балалардың ата-баба дәстүріне деген заманауи көзқарасы
21-01-2019 09:21
Қазақстан халық қуыршақтары және балалардың ата-баба дәстүріне деген заманауи көзқарасы

         Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі 2018 жыл бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ғасырлар тоғысынан»  аттты қалалық өнер жобасына қатысты. Шығармашылық жұмыстар қорытындысы бойынша, оқушылар облыс аумағында тұратын халық ертегілері, дастандары, 18 халық аңыздарының кейіпкерлерінен жасалған «Қазақстан халық қуыршақтары» атты қуыршақтар көрмесі көрсетілді.

        Осы қуыршақтарды орындамас бұрын, әртүрлі Ертіс халқының салт-дәстүрлері мен костюмдерін, сондай-ақ мәдениетін танып білу мақсаты бойынша алдын ала үлкен жұмыс атқарылды. Шығармашылық туындылардың қайсы бірін алсаң, балалар тағдырлар тоғысынан келе жатқан халық дәсүріне деген өздерінің заманауи әсерлерін осы бейнелер арқылы жеткізе білді. Қуыршақтар түрлі-түсті пластикалық қоспа, сым, жіп, газет және жүн сияқты әртүрлі материалдардан жасалған.

     Көрмеге 100 астам жұмыс ұсынылды, солардың ішінде 11 жастағы Дарина Сәрсекееваның «Анаит» атақты армиян ертегісі, 11 жастағы Диляра Байғұжинованың «Үш әпке» атты қазақ ертегісі, «Қоңыр сиыр» башқыр ертегісі 11 жастағы Валерия Андрееваның, 12 жастағы Карина Авазбакованың болғар ертегісі бойынша «Күміс бұғы»  және София Нилинаның «Ақымақ кемпір және оның қу ұлы», сонымен қатар 12 жастағы Азиза Бауыржан мен Диана Саттарованың «Пан Ниточка» және «Совушка-парасатты бас» атты поляк ертегілерінің қуыршақ-кейіпкері ұсынылды.

    «Осы жобаға қатыса отырып, балалар қызықты және терең ақпаратқа ие болды, олар отбасы мен досықтың бағасын, мейірімділік пен өзара көмек көрсете білуді түсіне отырып, өздері үшін Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен ежелгі әдет-ғұрпын және тарих тереңдігіне үңіле білді», - дейді мектеп педагогі Рейн Светлана Евгеньевна. Көрме 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс істейтін болады.