ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қамқорлық» республикалық акциясы қала мектептерінде жалғасуда
22-01-2019 17:01
«Қамқорлық» республикалық акциясы қала мектептерінде жалғасуда

«Қамқорлық» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өткізіледі. Мақсаты - аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өзге де санаттағы балаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша балалардың сабаққа келмеу себептерінің алдын алу (киімнің, аяқ киімнің, мектеп керек-жарақтарының болмауы).

Акция басталғаннан бері әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 251 оқушы демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 993,0 мың теңгеге, 1081 оқушы жалпы сомасы 7898,8 мың теңгеге кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім түрінде көмек алды. Демеушілер ата-аналар, педагогтар, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар болды. Мектептерде киім-кешек жинау ұйымдастырылып, қайырымдылық жәрмеңкелері, концерттер, макулатура, қақпақтар жиналып, түскен қаражат мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша жалпы жиынтыққа жіберіледі. Павлодар сала және қызмет көрсету колледжімен бірге аз қамтамасыз етілген, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 35-тен астам балаға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін шаш қию және сәндеу жасалды.

«Қамқорлық» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілерді, мемлекеттік құрылымдарды, кәсіпорындарды тарту жұмыстары жалғасуда. Егер сіз балалардың мектепке әлеуметтік себептермен (киімнің, аяқ киімнің, мектеп керек-жарақтарының болмауы), панасыз және қараусыз қалған балалардың келмеу фактілерін куәгер болсаңыз, Павлодар қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі секторының 32-77-80 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.