Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалар шығармашылығы суретшіні әрқашан шабыттандырған
23-01-2019 15:29
Балалар  шығармашылығы суретшіні әрқашан шабыттандырған

2019 жылының  21 қаңтар күні Балалар көркемурет мектебінде Қазақстан Республикасы Өнер Академиясының академигі және суретшілер одағының мүшесі, атақты павлодарлық суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың 65-жылдық мерекесіне арналған көрме ашылды. Көрмеге 2008 - 2009, 2014 - 2017 жылдарының түлектері дипломдық жұмыстарынан жасалған. Жұмыстар өңделген, дүмбілездік сызықша, күтпеген түстік шешім, ұлттық көріністі бейнелейтін, павлодарлық суретшінің қайталанбас дерексіз стилінде орындалған. Көрмеде Абай Аиданың маймен салынған «Натюрморт с домброй»,  акрилмен  салынған Жильцова Ларисаның «Невеста» және   Қыстаубаева Анелдің  «Кыз Жибек»  жұмыстарын,  кенепте акрилмен жасалған «Национальный натюрморт» Смыкова Маликаның және  «Иллюзия» атты Табарова Камиланың диптихтері, қатты қағазда акрилмен салынған «Мелодия Родины» Ратникова Надежданың,  акрилмен салынған «Звучание кобыза» Полякова Дарья және «Блюз» атты Казанцев Владиславтың жұмыстарын тамашалауға болады. Қазіргі кезде Полякова Дарья Павлодар қаласындағы жоғары политехникалық колледжінде оқиды, модель болып жұмыс істейді, стилист болуды армандайды, Табарова Камила Павлодар қаласында өз өнерстудиясын ашты.

Ғалым Насырұлы мектебіміздің құрметті досы болып қана қоймай, оның құрылуына, сондай-ақ өскелең ұрпақтың арасынан жас суретшілер тәрбиелеуде белсенді қатысуға тырысты. Балалар шығармашылығы суретшіні үнемі жігерлендіретін. Ол балалар бейнелеу өнерімен байланысты іс-шараларға қатысып, аса сүйіспеншілікпен қолдап отыратын. Жыл сайын өткізілетін «Ақ бота» атты балалар бейнелеу өнері байқауы қазылар алқасының  төрағасы болды, сонымен қатар акварельді кескіндеме облыстық байқауында «Ғалым Қаржасовтың арнайы жүлдесі» номинациясын жариялады.