Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Табиғат білгірлерінің экологиялық турнирі
24-01-2019 08:54
Табиғат білгірлерінің экологиялық турнирі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы  ынтымақтастық шеңберінде «Қазақстан алюминийі» АҚ-мен бірлесе оқушылар үшін зауыт, мұражайына экскурсиялар, экологиялық лекторилер, мерекелікіс-шаралар, турнирлер, акциялар өткізіледі.

2018 жылдың 22 қаңтарында «Құс қанатындағы арман» табиғатты қорғау акциясының бірлескен жоспарына сәйкес Орталықта «Экобілімдар - 2019» экологиялық турнирі өтті. Мақсаты - қатысушыларды экологиялық табиғат қорғау қызметіне тарту, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Экологиялық турнирге орталықтың балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері және № 28, 30 жалпы білім беру мектептердің 1 - 8 сынып оқушылары арасынан 8 команда қатысты. Турнир 7 конкурстан тұрды - «Таныстыру», «Экологиялық тест», «Экологиялық күнтізбе», «Құстар дәмханасы», «Не? Қайда? Қашан?», «Экологиялық жағдайаттар», «Эко-әліпби». Сайыстарда қатысушылар өз командасын таныстырды, қойылған сұрақтарға жауап берді, тапсырмаларды бұлжытпай орындады, экологиялық жағдайаттарды шешті, фауна және флораны анықтай алды, қала картасын ажырата білді. «Құстар дәмханасы» атты сайыс өте ерекше болды. Команда қатысушылары табиғи және тасталған материалдан құс ұясын жасап, өз жұмыстарының шығармашылық тұсаукесерін өткізді. Дәстүр бойынша дайындалған құс ұяшықтар орталықтың экологиялық-ботаникалық кешенінің аумағында ілінді. Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.