Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәжірибені жалпылауға дайындау аясында педагогты әдістемелік сүйемелдеу
25-01-2019 10:35
Тәжірибені жалпылауға дайындау аясында педагогты әдістемелік сүйемелдеу

Мектепке дейінгі мекеме басшысының мектебі аясында 2019 жылы 24 қаңтарда «Тәжірибені жалпылауға дайындау аясында педагогты әдістемелік сүйемелдеу» атты семинар-практикум өтті.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің орынбасары Г. Ш. Шиндлярская қаланың мектепке дейінгі мекемелердің басшыларын озық педагогикалық тәжірибені танымал етуге ықпал ететін кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру жұмысын ұйымдастыру бойынша педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу үлгісімен таныстырды.

Семинар тыңдаушыларына кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру әдістері, түрлері, мазмұнын шолумен слайдтар мен әдістемелік құрал ұсынылды, яғни инновациялық тәжірибені іске асыру үшін мектепке дейінгі мекеменің әдіскері, педагогы нақты не білуі тиіс. Әдістемелік қызмет қызметкерлеріне инновацияларға қарама-қайшылықтар, проблемалар бөлуге, мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруға, оларды шешудің жолдары мен құралдарын айқындауға, әдістемелік және диагностикалық құралдарды әзірлеуді жоспарлауға, қалаған нәтижені болжауға көмектеседі.

Семинар интерактивті форманы - семинардың өзекті мәселелері бойынша аудиториямен ашық диалогты қолдана отырып өткізілді. Семинарға қатысушылар тәжірибе жинақтауға байланысты сұрақтарға сауатты және толық жауап алды.