ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесі
28-01-2019 11:04
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2019 жылы 25 қаңтарда «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогтардың қызметін әдістемелік сүйемелдеу. Халықаралық зерттеулер мен білім алушылардың жетістіктерін сыртқы бағалауға дайындық» тақырыбында облыстық семинар өтті. Вебинарға облыстың қалалары мен аудандарының білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Әдістемелік кабинет меңгерушісінің м. а. Ш. С. Нұрахметова түрлі деңгейлі тапсырмалар мен тесттер базасын жыл сайын толықтыруға, тест тапсырмаларын орындау техникасына, олардың объективті қиындықтарын бағалауға, тест бойынша «спиральді» қозғалыс тәсілдеріне, әмбебап тәсілдер мен шешім қабылдау тәсілдеріне, тапсырмалар шарттарын қысқа және дәл ресімдеуге, өз бетінше жұмыс істеуге арналған электронды құрал-тренажерлерді пайдалануға (үйдегі репетитор), онлайн тестілеуге қатысуға тоқталды. «Тәуекел тобы» оқушыларымен түзету жұмыстарын жобалауға, ұтқыр-сараланған топтарда жеке жұмыстарға, тест тапсырмаларын бірнеше рет шешуге, қарапайым және жылдам тәсілмен дұрыс жауап алу үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылаудың психотехникалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Вебинарда 24 мұғалімнің инновациялық тәжірибесін жинақтау картасы және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және қала мұғалімдеріне көмек көрсетуге ОЖСБ-ға дайындық мәселелері бойынша әдістемелік-дидактикалық құралдар ұсынылды. Онлайн-семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Гетманская Наталья Владимировна, Дюсенова Рысжан Курмановна (№ 21 ЖОМ) осы оқу жылында өтетін TIMSS зерттеуге дайындық бойынша, Алпыспаева Жанар Амановна (№ 21 ЖОМ), Смагулова Сандугаш Габбасовна, Байшукир Қарлығаш Шишкаповна (№ 24 ЖОМ) - PIRLS халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Баяндамалардың тезистері мен ұсынылған тәжірибе бойынша материалдар облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне пайдалануға бағытталды.