Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Біздің сөредегі көне кітап
28-01-2019 11:17
Біздің сөредегі көне кітап

«Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі»ММ мектеп кітапханасында  2019 жылғы 21 қаңтардан бастап 25 қаңтар аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасыжәне «Бір шаңырақ» мектеп жобасы аясында «Біздің сөредегі көне кітап» акциясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: кітаптің мәртебесін арттыру, өзін-өзі жетілдіру және өз білімін көтеруде қолдау көрсету, жеке және тұлғалық реурстарды сезіну.

Оқушылар жеке кітапханасында жатқан, мектеп кітапханасының сөресіндегі көне кітаптарымен таныстырылды.Оқушыларға мектептің кітапхана мұрағатындағы 2012 жылғы 20 сәуірдегі «Правда»  газеті, жылдар бойынша кітап көрмесі көрсетілді.«Очерки по истории комсомола Павлодарщины» кітабында облыс жастарының тарихы, совет үкіметінің құрылған кезеңі, Ұлы Отан  соғысы, тың және тыңайған жерлерді игерілген жылдары туралы баяндалды. Кітаптың шығуына Павлодар облысы мұрағатының материалдары көп септігін тигізді, сондықтан бұл кітап өз туған өлкеңнің тарихын білуге, сол жылдардағы адамдардың қазіргі әлемдегі тағдырының маңыздылығын түсінуге аса құнды жәдігер болып саналады.

Әрине, өткізілген акция кітаптың мәртебесін көтеруге, өзін-өзі жетілдіру және өз білімін көтеруде қолдау көрсету, өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда, өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік құндылығын дамытуға септігін тигізді. Кітаптарих пен тағылымының алтын сандығы,адам өмірінде ең маңызды рөлді атқарады. Біздің 21 ғасырда, ақпараттық технологиялар ғасырында, мүмкін, кітап өз маңыздылығын жоғалтадыдеп ойласақ, олай емес екен, әр үйде кішкентай кітап сөресі бар, ол біз үшін  тамаша, беймәлім ғажайып әлемді ашады. «Әсіресе, талай жылдан өтіп, алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалған рухани өсиет, біздің ұрпаққа жеткен кітаптар ерекше бағалы» - дейді мектеп кітапханашысы Айнур Ертостиковна Рахметова.