ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларға көмек көрсету - ортақ қоғамдық міндет
29-01-2019 08:00
Балаларға көмек көрсету - ортақ қоғамдық міндет

Бірнеше жыл бойы «NFCKazakhstan» ЖШС мен  Павлодар  қаласының № 18 ЖОМ-і  аз қамтылған отбасы балаларына демеушілік көмек көрсетуде. Жаңа жыл қарсаңында мектепте компанияның  қолдауымен «Мейірімді жаңа жылдық сыйлық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Аз қамтылған отбасынан шыққан 30 оқушы тәтті қапшықтар алып, шыршаның астынан жаңа жылдық сыйлық тапқандарына өте  қуанышты болды. Кәсіпорын сондай-ақ 26 аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға 380 мың теңге көлемінде мектепке арналған киім-кешектермен, кеңсе тауарлары  сатып алды. «Балалар біздің болашағымыз екенін ұмытпауымыз керек, бұл біздің еліміздің болашақта қандай болатынына байланысты. Балаларға көмектесу біздің ортақ қоғамдық  міндетіміз», - дейді бас директордың орынбасары Чжан Цзянь Джун.

Мектептің педагогикалық ұжымы мен ата-аналар қауымдастығының күшімен мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетіледі. 2019 жылдың қаңтар айында республикалық «Қамқорлық» акциясы барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 56 оқушыға 232 мың теңге көлемінде қажетті кеңсе тауарлары мен  азық-түліктер, киімдер түрінде демеушілік көмек көрсетілді.