Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала әкімі пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған 55 мұғалімді марапаттады
29-01-2019 14:55
Қала  әкімі пән олимпиадасының  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлерін  дайындаған 55 мұғалімді  марапаттады

2019 жылы 29  қаңтарда  Павлодар қаласы әкімі  Ә. К. Күмпекеев  «Достық үйі»  мәдени-сауық  орталығында  2018 - 2019 оқу жылының облыстық олимпиада оқушыларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  дайындаған директорлар және мұғалімдерімен  кездесті. Мерекеге қаланың  № 1, 9, 16, 17, 18, 20, 22, 23, 25, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 42 жалпы білім беру мектептерінен 15 директор және 40 мұғалім қатысты.

Кездесу  мақсаты - соңғы үш жылда педагогикалық қызметі басқаларға  үлгі бола алатын мұғалімдерді құттықтау. Бірінші кезекте оқыту жолдарында өзгеріс пен қызметтесуін ашқан, талантты оқушылардың дамуын қолдауға үлесін қосқан мұғалімдер марапатталды.

15 жыл бойы  олимпиадаларда  Павлодар қаласының құрама командасы «Ең жақсы қалалық  олимпиядалық команда» номинациясына иеленді. Жылдан-жылға олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арттырылуда. 2017 жылы облыстық  олимпиада да 34 қатысушы жеңімпаз атанды, 4 қатысушы - Республикада, 2018 жылы - 45 қатысушы облыста және 6 - Республикада, 2019 жылы облыстық кезеңде 47 қатысушы жүлдегер және жеңімпаз атанды. Кездесуге  кімнің оқушылары облыстық  кезеңде  олимпиада  жүлдегерлері  мен  жеңімпаз  болатын,  дарынды  балаларды дамыту үшін барлық жағдай құрылған мектеп   мұғалімдері қатысты.

№ 37 мектеп мұғалімі Әлия Егімбайқызы Касымжанова құқық негіздері  және Қазақстан тарихы бойынша екі жүлдегер дайындады. Оның оқушылары  2018 жылы Республикада жүлделі орындар алды, № 9 гимназия-мектебінің мұғалімі  Мария Владимировна Димитрюк  орыс тілі және әдебиеті бойынша екі жүлдегер дайындады. № 39 мектептің неміс тілі  мұғалімі  Танзиля Рафкатовна Мокроусова облыстық пән олимпиадасының 5 жүлдегері мен жеңімпазын дайындады. Оның оқушылары жыл сайын  республикалық  олимпиада қатысушылары  және жүлделі  орындар алады.  Кездесу дөңгелек үстел басында өтті. Кездесу  барысында  дарынды  балалармен жұмысқа байланысты мәселелер көтерілді. Мұғалімдер Қазақстанның қазіргі білім беру жағдайы туралы пікірлерімен алмасты, аймақта  it мектебінің ашылуы туралы, әрі қарай мектептерді  қазіргі оқу  кабинеттерімен жабдықтау, басқа аймақтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Зияткерлік  жарыстағы жетістіктері үшін жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге Павлодар қаласы әкімінің  сыйлықақы және алғыс хаты тапсырылды.