ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тың мектеп тарихы беттерінде
30-01-2019 08:10
Тың мектеп тарихы беттерінде

«Тың мектеп тарихы беттерінде» жобасы облыстан республикалық желілік кестеге енді. Жоба аясында 2019 жылы 23 қаңтарда Павлодар қаласының № 17 ЖОМ жерлестер жетістіктерінің марафоны өткізілді. Мақсаты - тың игеруде үлес қосқан алғашқы тың игерушілермен танысу, тарих, еңбек құндылығын тәрбиелеу, алғашқы тың игерушілер туралы тарихи жадыны сақтау.

Марафонға 9 - 11 сынып оқушылары, облыстық мұражай, облыстық кітапхана, мемлекеттік мұрағат және ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, құрметті қонақтар педагогикалық еңбек ардагерлері, алғашқы тың игеруші-комбайнерлер, мал өсірушілер, мұғалімдер, өңір экономикасын құрғандар өздерінің естеліктерімен бөлісті. 9 сынып оқушысы Краскова Валентина Федоровна, отбасы төрт баласымен бірге алыс Сібірден келген құрылысшы, әкесі Плесовских Федор Ивановичтің  тарихын айтып берді. «Әкем Павлодарға келуге шешім қабылдағанда, маған не бәрі 12 жас болды. Бұл кішкентай қалашық болды. Біздің көз алдымызда ол өнеркәсіп орталығына өсті. Мен де өз үлесімді қостым. 8 сынып оқушысы бола отырып, өзімнің құрбыммен бірге алюминий зауытының құрылысы кезінде жұмыс істедік», - деп еске алады Валентина Федоровна. Қатысушылар қазақ халқының қонақ жайлылығы мен қуанышы, салт-дәстүрлерімен танысу, тілді қалай үйренгендері, Павлодар жерінің қалай болғаны туралы айтты. Қатысушылар қазақ халқының қонақ жайлылығы мен қуанышы, салт-дәстүрімен танысу, Павлодар жерінорыс, неміс және татар, украин және өзбек ұлттарының туған үйі ретінде тілді қалай үйренгендері туралы айтты. Жоғары сынып оқушылары тың игеру туралы театрландырылған көрініс дайындады - сол жылдардағы әндер шырқалды, тың игерушілердің еңбек ерлігі туралы деректі хроника үзінділері көрсетілді.

Үлкен жобаның қорытындысы «№ 17 мектеп тарихы беттерінде тың» кітабы болуы керек.