Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп директорлары орынбасарларының басқару мәдениетін арттыру
30-01-2019 08:25
Мектеп директорлары орынбасарларының басқару мәдениетін арттыру

      Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылған, директорлардың жас орынбасарлары мектебінің кезекті отырысы № 17 мектепте «Мектеп директоры орынбасарының басқару мәдениетін арттыру білім беру сапасын қамтамасыз етудің басты ресурстарының бірі ретінде» тақырыбында өтті. Отырысқа 30-дан астам директор орынбасарлары қатысты.

Отырыста қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісінің м. а. Нұрахметова Шолпан Сәменқызы диагностикалық-аналитикалық жұмыс, мектеп педагогтарының кәсіби әлеуетін зерттеу, педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмысын жобалау, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін және шығармашылық өсуін арттыру, педагогикалық ұжымның кәсіби өсуін дамытуға және ынталандыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдану мәселелеріне тоқталды.

Отырыс жұмысына п.ғ.к., Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Омарова Вера Константиновна қатысты. Қатысушыларға мектептің даму бағдарламасының құрылымы мен құру алгоритмі ұсынылды, даму бағдарламасын жүзеге асыру және нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Баринова Ольга Николаевна, №17 мектеп директорының орынбасары «Көптілділік», «Дарынды балалар», «Инновациялық педагогикалық тәжірибе» кіші бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинар материалдары, ұсыныстар қаланың жалпы білім беретін мектептеріне жіберілді.