ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала педагогтары шаңғы жарысынан жарысты
30-01-2019 16:36
Қала педагогтары шаңғы жарысынан жарысты

48-ші кешенді спартакиада бағдарламасы шеңберінде «Ертіс» шаңғы базасында Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша кезекті жарыстар өтті. Құрамында 120-дан астам дене шынықтыру мұғалімдері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары бар 18 команда қатысты (№ 4, 5, 9, 14, 19, 21, 25, 26, 28, 29, 39, 40, 41, 42, Кенжекөл ЖОМ) НЗМ, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебі.

Жарыс шарты бойынша шаңғы жарысы екі қашықтықта 20 - 29, 30 - 39, 40 - 49, 50 - 59, 60 және одан жоғары жас ерекшелігі бойынша әйелдер командалары арасында 2 км, ерлер командалары арасында 3 км қашықтықта өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды № 42 ЖОМ командасы, II орынды № 41 ЖОМ командасы иеленді.

2 км қашықтықта әйелдер арасында I орынды Гринякина Э. (№ 40 ЖОМ), Кривушкина И. В. (№ 29 ЖОМ), Носова Л. Я. (60 және одан жоғары жастағы № 42 ЖОМ), II орынды Бельская Е. (№4 ЖОМ), Лаврентьева О. А. (№ 41 ЖОМ), Давыдова С. И. (№ 28 ЖОМ), III орынды Сушина В. В. (№ 39 ЖОМ), Терейковская Л. С. (№ 26 ЖОМ), Нуртазина А. (№ 14 ЖОМ), Головня Г. Н.  (ЖОМ №5).

3 км қашықтықта ерлер арасында І орынды Дьяченко В (№ 4 ЖОМ), Альдекенов Т. С. (№ 42 ЖОМ), Аюпов А. С. (№ 41 ЖОМ), Попошев В. А. (№ 42 ЖОМ), Ковалев Н. П. (60 және одан жоғары жастағы № 4 ЖОМ), ІІ орын – Родькин В. А. (№ 21 ЖОМ), Бачиев Р. (№ 40 ЖОМ), Абенов Ж. К. (Кенжекөл ЖОМ), III орын - Власенко И. С. (№ 5 ЖОМ), Нурпеисов А. Н. (№ 39 ЖОМ), Нигматулин (№ 29 ЖОМ), Ахметов Б. Ж. (№ 14 ЖОМ) иеленді.