Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Педагогикалық идеялардың калейдоскопы
01-02-2019 09:03
Педагогикалық идеялардың калейдоскопы

Инновациялық Еуразия университетінде «Педагогикалық идеялар калейдоскопы - 2019» қалалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Педагогикалық идеяларды қорғау кезінде диалог алаңдарында барлығы 300-ден астам тыңдаушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының 68 мұғалімі, олардың тәжірибесі жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми сараптамасынан өткен және қорғауға жіберілген.

Педагогикалық идеяларды ұсыну және қорғау физика-математикалық, қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі білім беру бағыттары бойынша 8 диалогтық алаңдарда өтті. Сараптама комиссиясының құрамына ЖОО ғалымдары, білім беруді және оқытуды дамытудың инновациялық орталығының қызметкерлері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер кірді. Сараптама комиссиясы Теңізова Алтынай Жумашевна, Кульдикова Әсия Кабылжанқызы, Кадырбаева Гулжахан Рахимқызы, № 34, 40, 7 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Алексеенко Татьяна Алексеевна, № 21 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімдері, Григорьева Наталья Валерьевна, № 34 ЖОМ физика мұғалімдері, Исполова Алтынгуль Армановна, № 29 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері, Гарифуллина Диана Урысбековна, № 120 сәбилер бақшасының-балаларға этномәдени тәрбие беру орталығының мемлекеттік тілде оқытатын тәрбиешілерінің идеялары мен жобаларын анықтады және үздік атады.

«Педагогикалық идеялар - 2019 Калейдоскоп» қалалық байқауына 95 педагог өтінім берді, 68 - көпшілік алдында қорғауға жіберілді. Тәжірибені қорғау қорытындысы бойынша 40 педагог қала деңгейінде жинақталып қорытылса, 28 педагог облыста қорғауға ұсынылды.

2018 - 2019 оқу жылында 26 педагогтің жұмыс тәжірибесі қала деңгейінде жинақталған және таратылған, «Педагогикалық бастамалар - 2018» облыстық конкурсында қорғауға ұсынылды, солардың ішінде 13 педагог өз тәжірибелерін 2019 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2019» республикалық конкурсында ұсынды.

       Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша 5 педагог жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде «Психологтің жинақ сандықшасы» бағыты бойынша № 40 ЖОМ психолог-дефектологі Матай Қымбат Галлямқызы жеңімпаз атанды. «Осындай әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебер қол...» бағытында № 21 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Рауш Ольга Ивановна жеңімпаз атанды, II орынды № 40 ЖОМ математика мұғалімі Бастенова Алина Бейбутовна иеленді, № 29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сейтқалиева Айсана Аскаровна, № 22 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Баядилова Мейрамгуль Петровна номицияларды иеленді. Мұғалімдер жұмысының жалпыланған инновациялық тәжірибесі «Педагогикалық тәжірибе - 2019» қалалық банкіне енгізіледі.

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Инновациялық педагогикалық тәжірибе зертханасының қызметі кәсіби шеберліктің өсуіне, педагогтардың өзін-өзі дамуына, оқыту деңгейін жоғары сатыға көтеруге ықпал етеді.  Инновациялық тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату бойынша жұмыс мақсатты және үздіксіз жүргізіледі. Мұғалімнің жұмыс тәжірибесін қандай мәселелер бойынша және қалай зерделеу қажет, үздік мұғалімдердің тәжірибесін зерделеу және қорыту бойынша жұмысты қалай ұйымдастыру мәселері бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.

 

Қала, облыс және республика деңгейінде танылған мұғалімдер қаланың мақтанышы болып табылады. 11 жыл бойы Павлодар қаласының білім беру бөлімі 600-ден астам мұғалімдердің тәжірибесін жинақтады, олар бойынша электронды деретер банкі құрылды. Республика деңгейінде қаланың 40-тан астам мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі жинақталған. Олар № 16 лицей-мектебінің химия пәні мұғалімі Бабич Ирина Михайловна, «Үздік педагог - 2012» республикалық байқауының жеңімпазы, қазіргі уақытта НЗМ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып табылады, Жұмабаева Әсия Камалетдиновна, № 39 ЖОМ география мұғалімі, «Экономикалық география» оқулығының авторы, оқушыларға арналған анықтамалық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың авторы, «Үздік педагог - 2014» байқауының жеңімпазы, 1858000 теңге сертификатының иегері. Автордың оқулықтары бойынша республика мектептері оқытады, Барвих Светлана Николаевна, № 28 ЖОМ география мұғалімі, «Үздік педагог - 2017» жеңімпазы, 2500000 теңгеге сертификат және төс белгісінің иегері, Жаксылыкова Жанара Жумагуловна, №16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Терешкина Алина Генриховна, № 29 сәбилер бақшасының тәрбиешісі, «Үздік педагог - 2018» байқауының жеңімпаздары, 2500000 теңге мөлшеріндегі сертификаттары мен төсбелгілер иегерлері.