Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп оқушылары Рессейдің іздеушілерімен кездесті
01-02-2019 15:10
Мектеп оқушылары Рессейдің іздеушілерімен кездесті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 31 қаңтарда Павлодар қаласының № 14 ЖОМ  Павлодар қаласының № 14, 29, 36, 19, 17 мектеп оқушыларының Рессей Федерациясы Новосібір облысы Карасук қаласы «Отечество» іздеу жасағы өкілдерімен кездесуі өтті. Мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы, павлодарлық «Панфиловшылар» іздеу жасағының жетекшісі Бакытжан Кырыкушевич Утеповтың бастамасымен  «Отечество» іздеу жасағының жетекшісі Надежда Емельянова Брежнева мектебімізге кезекті рет келді. Бүгінде Надежда Емельяновна мектеп оқушыларына олардың жасақтары Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтау бойынша істеп жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ұлы Отан соғысы жылдары Тверь облысында қаза тапқан, 1941 жылы Қазақстанда қалыптасқан 100 және 101 атқыштар дивизиясының жауынгерлерін Еске алу туралы әңгімесі қызықты болды. Кездесу кезінде іздеу жұмыстары бойынша тәжірибемен, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жәдігерлермен және мұражай жұмысы бойынша ақпаратпен бөлісті. Рессей іздеушілері мектеп оқушыларымен бірге И. В. Панфилов атындағы Әскери даңқ мұражайындағы жаңа жәдігерлермен және жаңадан ашылған бөлімдермен танысты. Қонақтар мектеп мұражайының және «Панфиловшылар» іздеу жасағының жұмысына жоғары баға берді. Мұражайға Тверь облысынын әкелінген топырақты қалдырды және соңғы бес жылдағы жасақтың жұмысы туралы кітапты сыйға берді.

Павлодарлық «Панфиловшылар» жасағы «Отечество» іздеу жасағымен Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтау бойынша, Ұлы Отан соғысы кезінде із-түссіз жоғалып кеткен жауынгерлер туралы ақпаратпен және жәдігерлермен бөлісуде тығыз жұмыс істейді. Алдағы уақытта іздеушілер Смоленск облысындағы Халықаралық Еске алу вахтасына бірге қатысуды жоспарлап отыр.