Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ұрпаққа - тарихи мұра
05-02-2019 11:12
Жас ұрпаққа - тарихи мұра

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі  Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебімен бірлесіп  Павлодар облыстық көркем сурет музейінде «Ертіс өңірінің алтын есімдері» жобасы шеңберінде Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың 65-жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Мақсаты - жас ұрпаққа өңіріміздің дамуына еңбек сіңірген көрнекті тұлғалармен таныстыру, зерттеушілік іс-әрекетке баулу, жас зертеушілердің дамуына жағдай туғызу.

 Ережеге сәйкес конференция 2 кезеңде өткізілді - 1-сі қашықтық: «Ертіс өңірінің алтын есімдері», «Болашаққа бағдар», «Ғ-Қ Қаржасов» жұмыстарды үш бағытта іріктеп алу. Мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындар студенттерінен 80 жуық  жұмыстар ұсынылды. 2-ші кезеңге 10 жұмыс өтіп, олардың ішінен 3 жұмыс үздік таңдалса, 7 қатысушы  «Жас дарын», «Руханият», «Парасат», «Аманат», «Қайнар», «Жас зерттеуші», «Зияткер» номинациялармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

І орынды № 17 мектеп оқушылары «Взгяд в будущее» жұмысы үшін  Реснянская Светлана мен Литвененко Диана, ІІ орынды № 28 мектеп оқушысы «Ш. Айманов - кино әлемінің жарық жұлдызы» атты жұмысымен Кириченко Софья, ІІІ орынды «Қайталанбас тұлға Қ-Ғ. Қаржасов» ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушісі Балыкова Дарья жеңіп алды.

Конференция жұмысы Ғ-Қ Қаржасовтың сурет көрмесін және деректі фильм тамашалаумен басталды. Шақырылған қонақтар суретші, білім озаты, Қазақстан ғылым академиясының мүшесі Ерсін Қаскиевич Тақырбасов, білім озаты, «Белорусь» этномәдени бірлестігінің төрайымы Любовь Ивановна Богнат өз сөздерінде суретші ағамызды еске алып, зор еңбегін бағалап, өткізіліп отырылған шараның өнерпаз, ізденгіш жастар үшін маңыздылығын баса айтты.