Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 19 ЖОМ «Оқу сауаттылығын дамыту және оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру» атты қалалық семинар өткізді. Мақсаты - каллиграфиялық стандарттарды қолдану және сөйлеу дағдыларын дамыту тәсілдерімен танысу. Семинарға бастауыш мектептің 40-тан астам мұғалімдері қатысты.
Семинар қатысушыларына Альфия Иранқызы Баймульдинова «Жазу және каллиграфия бойынша жұмыс дәптері», «Әдістемелік ұсыныстар» және Кенжегуль Айдарханқызы Балтабаева «Тіл дамыту жұмыс дәптері», «Мұғалімге арналған әдістемелік құрал» авторлық әдістемелік әзірлемелерін таныстыра отырып, өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Семинардың практикалық бөлімінде Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» бойынша мастер-класс өткізілді. Семинарда қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, пікір алмасты. Тәжірибе барысында қатысушылар әріптердің формасын алгоритм бойынша жазуға, біркелкі көлбеулікті, ара қашықтықты, биіктікті сақтау қағидасын түсініп, жазу жолдарында қолданды, өздігінен тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағыларын дамытуға арналған тапсырма түрлерін құрастырды.