ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар және жастар спортын дамыту
13-02-2019 09:10
Балалар және жастар спортын дамыту

Жастар жылына арналған «Gold start» спорттық форумы 2019 жылғы 8 ақпан күні Павлодар қаласы № 24 ЖОМ-де өткізілді. Форумның мақсаты - спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету. Форумға 400-ден астам оқушы, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары, шақырылған қонақтар, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері қатысты.

Форумға болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы В. Н. Шатова, Қазақстан кәріс қауымдастығының Павлодар облысындағы филиалы төрағасының орынбасары, құзға шығу бойынша спорт шебері Р. С. Ким, Альпинизм мен құзға шығу федерациясының президенті, Павлодар облысының туризм федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы, туризм және құзға шығу бойынша 1-санатты төреші М. Р. Каримова, Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жастар қанаты төрағасының орынбасары, жас ғалым, журналист, № 24 мектебінің түлегі Р. Р. Смаилов, «Ұлы дала скауттары» аймақтық бірлестігінің өкілдері К. Е. Ташев пен М. А. Кравченко, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, қала мектептерінің директорлары, Павлодар гуманитарлық колледжінің директоры А. Б. Батталов, қаладағы спорттық мекемелердің жаттықтырушылары.

Қонақтар, педагогтар, оқушылар, ата-аналар спорттың денсаулыққа тигізетін пайдасы, еліміздегі балалар мен жастар спортының дамуы, спорттық қызметтің беделін арттыру, дене тәрбиесі қозғалысын насихаттау, мектептегі спортшылардың жетістіктері арқылы оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын тәрбиелеу туралы сөз етті. Салтанатты марапттау рәсімінде бокс, футбол, карате, муай-тай, киокушинкай, пауэрлифтинг, баскетбол, волейбол, конькимен жүгіру спорты, жүзу, грэпплинг бойынша  ерекшеленген мектеп оқушылары грамоталармен марапатталды. Олардың арасында карате бойынша халықаралық, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы 8 сынып оқушысы Алиясов Рахат, карате бойынша республикалық турнирдің жеңімпазы 10 сынып оқушысы Ольков Денис, бокстан халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы 9 сынып оқушысы Шакенов Айзат, бокстан республикалық турнирлердің жеңімпазы 9 сынып оқушысы Джумалинов Темирлан, Қазақстан Республикасының грэпплинг бойынша чемпионы, 2018 жылы «Astana Open»  грэпплинг бойынша халықаралық турнирдің жеңімпазы 9 сынып оқушысы Козаренко Ангелина. Астана қаласы 20-жылдығына арналған велосипед жарысына қатысқаны үшін Павлодар қаласы әкімінің сертификаттарымен 9, 11 сынып оқушылары Куспанов Мират, Мустафин Тамерлан, Сабитов Ислам, Сарбопеев Ислямбек, Мубарак Арман, Темирбаев Арыстан марапатталды. «Біздің оқушылар жоғары дәрежелі жарыстардың биік тұғырынан көрінетініне сенімдіміз», - деп мектеп директоры Нургуль Шампатовна Рахимгожина оқушыларының болашағына зор үміт артты.