Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектебінің жарқырап келе жатқан жұлдызы
13-02-2019 09:46
Қала мектебінің жарқырап келе жатқан жұлдызы

Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 мектебінің 1 сынып оқушысы Хамит Ақниет «ASTANA SNOW FEST» ашық республикалық спорттық-балдық би фестивалінде спорттық биден 7 - 9 жас категориясы бойынша ІІ орынға ие болды.

Ол М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Рандеву» би-спорттық клубында спорттық бимен 6 жасынан айналысады, бапкері Никитина Виолетта Александровна, гимнастика бойынша бапкер хореограф. Осы жылдар арасында 2018 жылы Тұңғыш Президент күніне арналған қалалаық турнирде ІІ орын жүлдегері атанды. Мектепте хореографиялық үйірмеге қатысады, кітап оқумен әуестенеді, сонымен қатар қалалық зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалары сайыстарының  жүлдегері. «Акниет жақсы оқиды, сыныптық іс-шараларға белсенді қатысады, мейірімді, елгезек қыз және билеуді қатты жақсы көреді», - дейді сынып жетекшісі Ныгманова Асель Зекеновна.

Республикалық турнир 2019 жылдың 3 ақпан күні Астана қаласында өткізілді, оған Астана, Қараганды, Қостанай, Павлодар, Петропавловск қалаларынан 7 - 18 жастағы 500-ден астам бишілер қатысты.