Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас музыканттардың көрнекі орындаулары
19-02-2019 11:24
Жас музыканттардың көрнекі орындаулары

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2019 жылғы 14 - 15 ақпанда Жастар жылына арналған жас музыканттардың конкурсы өтті. Мақсаты - жарқын, шығармашыл дарынды оқушыларды қолдау. Қазылар алқасының құрамында «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің оқытушылары, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкерлері жұмыс жасады.

Конкурс жеке орындау (қазақ және орыс ұлттық аспаптары), ұжымдық музыкамен әуестену (ансамбльдік ұжымдар) бойынша өткізілді. Музыкалық жарысқа мектептің 54 жеке орындаушысы мен 11 ансамбль ұжымы қатысты.

Конкурс қатысушылары жоғары орындаушылық деңгейін көрсетті және жүлделі орындарды иеленді.

Конкурстың ең жоғары марапаты гран-приді «Аспапта ойнау» номинациясында Николаев Антон (гитара), педагогы Берик Оралтаевич Жупашев, Хамит Ниязбек (домбра), педагогы Берик Кошанбаевич Ишанкулов, «Ұжымдық музыкамен әуестену» номинациясында - «Серпін» фольклорлық ансамблі иеленді, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова.

І дәрежелі дипломға конкурстың 12 қатысушысы мен ұжымы - «Кадриль» орыс ұлттық аспаптары, жетекшісі Марина Васильевна Семёнова, «Мерей» қобызшылар, жетекшісі Жанар Мейрамовна Калиева, домбырашылар лайық болды, жетекшісі Майра Сыздыковна Сексембаева.

ІІ дәрежелі дипломға конкурстың 14 қатысушысы мен қобызшылар ансамблі, жетекшісі Гульмира Зетхановна Тезекбаева, «Ерке саз» қобызшылары, жетекшісі Ляззат Габитовна Арыкпанова, орыс ұлттық аспаптары лайық болды, жетекшісі Иван Вячеславович Кузякин.

ІІІ дәрежелі дипломмен конкурстың 16 қатысушысы мен «Волшебные струны» гитарашылар ансамблі, жетекшісі Дарья Сергеевна Иванкова, «Маэстро» гитарашылар ансамблі марапатталды, жетекшісі  Берик Оралтаевич Жупашев.

«Надежда» және «За волю к победе» номинацияларында конкурстың 10 қатысушысы грамоталармен марапатталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық конкурсқа гран-при иегерінің қатысушылары мен І және ІІ дәрежелі лауреаттар жіберілді.

Музыкалық колледждің оқытушысы, қазылар алқасының төрағасы Мейрман Нурланович Алимкулов «Мәдени өмірдің кез келген оқиғасы жас музыканттардың жарысы немесе шебер орындаушының да өнері музыканы сүйетін, өнер тілін түсінетіндер үшін нағыз мереке болып табылады», - деп атап өтті.