Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
К. Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізу туралы
25-02-2019 09:18

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2019 жылы    1 наурызда сағат 9.00 –де  Павлодар қаласының  № 19 ЖОМ (Қамзин көшесі, 62/1) К. Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша  республикалық  олимпиадасының    қалалық кезеңі өткізіледі.

Олимпиада  мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту,қазақ тілі және әдебиеті бойынша  оқушылардың білімін тексеру, патриотизм, азаматтыққа, ұлттық мәдениет, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

      Мектеп олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлері, қазақ тілінде оқитын 9 - 11 сыныптың 44 оқушысы қатысады.

           Олимпиада 2 кезеңмен өткізіледі: 1 кезең – жазбаша - эссе, 2 кезең ауызша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын білу, Қ. О. Бітібаева өмірбаяны, оның ғылыми мұрағаты және баспасөз еңбектері.

Олимпиаданың әрбір кезеңінің жеңімпаздары  I, II,III дәрежелі дипломмен марапатталады.

               I орын алған оқушылар наурыз айында өтетін олимпиаданың облыстық  кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі