Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көптілді білім беру: теория, тәжірибе, дағды» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы
27-03-2019 08:54

2019 жылы 28 наурызда сағат 10.00 № 25 ЖОМ (Майра, 49/1) Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Көптілді білім беру: теория, тәжірибе, дағды» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияда көптілді білім беруді дамытуға байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады.

Қатысуға жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждің ғалымдары мен оқытушылары, «USTAZ» ЖШС-ның менторлары, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мамандары, Павлодар қаласының жалпы орта мектептердің педагогтары мен басшылары шақырылады.

Конференцияның мақсаты көптілді білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, мәселелерді шешу жолдарын іздестіру үшін диалог алаңын құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларына арналған шеберлік сыныптары негізінде тәжірибе алмасу болып табылады.   Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша мастер-класс өткізу жоспарлануда: «Көптілді білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектепте оқытудың тиімді технологиялары мен әдістерін қолдану», «Көптілді білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектепте ОТҮ ұйымдастыру аспектілері», «Көптілді білім беруді енгізу жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көптілді мәдениетті қалыптастыру». Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

         Конференцияға 50-тен  аса физика, химия, биология, информатика мұғалімдері, жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдер. Конференцияның үздік баяндама авторлары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағында басылып шығарылады және Павлодар қаласы білім беру бөлімі  сайтында орналастырылады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі