ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздіктердің үздігі» форумы ( «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында)
01-04-2019 16:57

2019 жылғы сәуірдің 5-де сағат 09.00-12.00 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және оқу жылының қорытындыларын шығару бойынша дәстүрлі іс-шараларды іске асыру аясында қаланың № 24 ЖОМ (Кутузов көшесі, 190) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаларының спикері Н. Ш. Рахимгожинаның бастамасы бойынша «Үздіктердің үздігі» форумы өтеді. Қорытынды шығарудың аралық кезеңдері әр оқу тоқсанының қорытындылары бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен, мектептің Қамқоршылық кеңесімен бірге жүргізілді.

Форумның қонақтары Смаилов Рамиль - «Бірлік» студенттер ассамблеясының төрағасы, мектеп түлегі; Фаниль Рафиков - аралас жекпе-жектен халықаралық класты спорт шебері, самбодан Еуразия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе-жектен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Форумға  № 24, 4, 17, 21 мектептердің педагогтары мен оқушылары, ата-аналар қатысады.

 «Жылдың ең үздік спортшылары» номинациясымен жүзу, бокс, греплинг,  кекушинкай каратэ, баскетболдан ҚР және Павлодар облысы чемпионаттарының жеңімпаздары марапатталады: Козаренко Ангелина, Дюсекенов Габбас, Мубарак Арман, Алиясов Рахат, Ломакин Руслан, Шакенов Айзат, Полий Анастасия, Серикова Аяулым, Тычинская Алина, Джумалинов Тамерлан.

         «Жылдың ең үздік белсенділері» номинациясымен еріктілер, Қазақстан Республикасы Ассамблеясының жастар қанатының мүшелері, мектептегі жастар жобаларының белсенділері марапатталады.

Форумда «Жылдың ең үздік педагогтары» және «Ең үздік сынып жетекшілері» номинацияларымен тәрбиеленушілері көптеген байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанған, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен педагогтар марапатталады:  Садыкова Б.А., Аширбекова А. К., Адильшенова Б. Ж.,  Бугрова Е. А., Слывоцкая О. Я., Аубакирова Г. Б.,        Рахимжанова Р. Н.,  Тюлеубаева А.С., Аралова Г.К., Ахметжанова З.Ж., Идрисова З. К., Хаербаев А. Т., Соловьева М. П.

Республикалық байқауларда табысқа жеткен шығармашылық ұжымдар да «Ең үздік трио», «Ең үздік дуэт», «Ең үздік вокал студиясы» номинацияларымен марапатталады.

Қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мектептің баскетболдан қыздар және ұлдар командалары «Ең үздік баскетбол командасы» номинациясымен марапатталады.

Мектепте «Рухани жаңғыру» инновациялық жобалары іске асырылады. Олар: «Отбасы», «Голд стар» жастар жобасы, «Жыл идесяы «Жас полицейлер», «Ата-аналар қауымдастықтың ең үздік менеджері», «Жылдың ең үздік еріктісі». Аталған жобалардың белсенді қасушылары да марапатталады.

Форумда облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, оқу озаттары, олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқаулардың жеңімпаздары марапатталады. 

Форум патриоттық сезімнің қалыптасуына, ата-аналардың мектептің дәстүрлерін құрметтеуге, мектеппен белсенді қарым-қатынас орнатуға оң ықпалын тигізеді.  

 

 

         Павлодар қ. білім беру бөлімі