Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласы жас мұғалімдерінің ІІ форумы туралы
02-04-2019 10:13

2019 жылы 5 сәуірде № 37 ЖОМ (Ворушина, 6/2) сағат 15.00-де «Ел болашағы - жастардың қолында» Павлодар қаласы жас мұғалімдердің  II форумы өтеді.

         Мақсаты - шығармашылық белсенділігін  ынталандыру, кәсіби шеберлік  деңгейін көтеру, корпоративтік мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерді қолдау және ынталандыру, мұғалім мамандығының беделін арттыру.

         Форумға 3 ұрпақтың өкілдері қатысады: педагогикалық еңбек ардагерлері, жаңашыл- ұстаз және қала мектептерінің 200-ден астам жас мамандары. Сұхбат алаңдары болады: спорттық бөлім,шығармашылық,әдістемелі белсенді жастар, еріктілер қозғалысының белсенділері, «Рухани жаңғыру бөлімі және әртүрлі деңгейдегі кәсіби байқаулардың жеңімпазы,шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды марапаттау салтанаты өтеді. Форум кәсіби және жеке өсуіне, әр қатысушының шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал етеді. Форумның тақырыбы  «Ел болашағы – жастардың қолында» жастар жылы және мұғалім мәртебесі туралы заңның қабылдануына байланысты. Форум алған білімдерін балаларға беруге дайын және өзін-өзі дамытуға, жаңа білімді аңсайтын, рухты жарқын жас мұғалімдерді біріктіреді.

Тел.: 61-60-65, 65-05-25

Павлодар қаласының білім беру бөлімі