Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өнер есірткіге қарсы
05-04-2019 11:18
Өнер есірткіге қарсы

       Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебі оқушылары 2019 жылдың 3 сәуір күні «Өнер есірткіге қарсыі»  атты балалар бейнелеу өнерінің облыстық байқауына қатысты. Сайысты облыстық полиция Департаменті есірткіні алдын-алу шаралары аясында ұйымдастырды.

    Қаланың әртүрлі жалпы білім беру мектептерінен 33 балғын суретші ат салысты. Олардың әр қайсысы өз пікірін және байқау тақырыбына деген көзқарасын бейнеледі. Балаларымыздың барлық суреттері байқаудың демеушісі болған «Глория фарм» компаниясының 13 дәріханасында көрмелерге қатысады.

       Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, 6 оқушы - бағалы жүлделермен. Оның ішінде көркемсурет  мектебінің 6 оқушысы бар.  I  орынды «Сенің таңдауың» атты акварельмен салынған суреті үшін Әсем Чингинина, ал II орынды  графика стилінде салған «Денсаулық-бақыттың кепілі» атты суретімен Софья Ерыгина,  III орын ««Ия» салауатты өмір салтына»  Катя Литузованың графикалық суретіне табысталды, гуашпен орындалған «Есірткіге - Жок!»  суреті үшін IV орынды Аяулым Қасенбекова иеленді, сондай-ақ «Әділ қазылар талғамы» номинациясы бойынша Карина Бекбай гуашпен салған «Жаңа болашаққа жаңа қадам» суретімен және Валерий Алексеенко «Тәні саудың жаны сау» графика стилінде салған суреттері үшін жүлдеге ие болды.