ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептеріндегі таңғы жаттығу
05-04-2019 11:42
Қала мектептеріндегі таңғы жаттығу

2019 жылғы 5 сәуірде «Денсаулық барлығына» атты республикалық таңғы жаттығу аясында Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде таңғы жаттығу өтті. Аталған іс-шараға 1-ші ауысымның 25000-нан астам оқушылары қатысты.

Жаттығу мектеп аумағында, спорт залдарында, сынып кабинеттерінде өткізілді. Оқушыларға музыкаға арналған жаттығулар кешені ұсынылды. Бұл жаттығуларды оқушылар қуана орындап,күн бойына сергектік қуатын алды.

Жалпыреспубликалық жаттығу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық күнін қолдау мақсатында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізуге арналған.