Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кішкентай жұлдыздар «Рауан» фестивалі
08-04-2019 17:00
Кішкентай жұлдыздар «Рауан» фестивалі

2019 жылы 3 - 5 сәуір аралығында 3 күн бойы  Павлодар қаласының № 16, 17, 25 мектептерінде «Рауан» балалар шығармашылығы XV мерейлі қалалық фестивалінің I іріктеу туры өтті. Мақсаты - талантты  балаларды қолдау, музыкалық шығармашылыққа сүйіспеншілігін және қызығушылығын қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар шығармашылығын насихаттау және дамыту. Фестиваль ұйымдастырушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы.

Фестивальдің І іріктеу туры 3 жанрда: вокал, хореография, көркем сөз 58 балабақшадан 763 тәрбиеленуші қатысты.

І тур  қорытындысы бойынша  ІІ турға 65 байқау нөмерімен 41 балабақшадан 449 тәрбиеленуші қатысады.

«Вокал»  жанрында № 4, 5, 6, 8, 9, 10, 12, 19, 30, 31, 33, 34, 35, 44, 46, 84, 86, 96, 102, 120 балабақша, № 2 ЖОМ кіші-орталығының 86 тәрбиеленушілері қатысады.

«Хореография»  жанрында  № 4, 8, 19, 23, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 37, 38, 40, 44, 51, 54, 84, 96, 104, 112, 117, 120 балабақшалары, № 2, 25, 26 ЖОМ кіші-орталығының 334 тәрбиеленушілері қатысады.

«Көркем сөз» жанрында № 8, 10, 19, 25, 31, 40, 42, 44, 51, 84, 86, 93, 96, 102, 126 балабақшалары, № 2, 12, Жетекші ЖОМ кіші-орталығының 29 тәрбиеленушілері қатысады.

 Фестиваль 2 іріктеу турынан тұрады  және фестивальдің ең жақсы нөмірлері гала-концертпен аяқталады. ІІ іріктеу тур 2019 жылы 17 сәуірде өтеді.