Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қызметтесу шеңберінде Ресей Федерациясы Омск қаласы «Снейл» қосымша білім беру орталығымен бірлесіп «Снейл-турнир» халықаралық зияткерлік байқауы өткізілді. Байқау 2019 жылы 18 сәуірде № 16 лицей-мектебінде өтті. Байқау мақсаты - бастауыш мектеп пәндері бойынша ақпаратты түсіндіру және анализ,ізденіс дағдылары мен шығармашылық міндеттерін шешу дағдыларын қалыптастыру.
Байқауға қаланың 34 жалпы білім беру мектептерінен 4 сыныптың 170 оқушысы қатысты,оның ішінде 9 мемлекеттік тілде оқитын мектеп.
Байқау 6 станция бойынша өтті: математика (7), орыс тілі (7), тіршілік қызметі қауіпсіздігінің негіздері (7) ,айналадағы дүние (7), ағылшын тілі (2), дене шынықтыру (7). Тапсырмалар негізінде, логикалық ойын дамытуға, практикалық дағдыларын қалыптастыруға, әрі қарай өзін-өзі жетілдіруге және өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша 170 оқушы логикалық ойлауға және топта жұмыс істеу іскерлігі тапсырмаларын орындап шықты.Байқау қорытындысы бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен № 5, 27, 39 мектеп оқушылары. I дәрежелі диплом және медальға № 5 мектеп командасы ие болды, № 27, 39 ЖОМ командалары «Снейл» қосымша білім беру Орталығыныңлауреаты атанды. «Снейл» қосымша білім беру Орталығыныңграмотасымен Орталық басшысы Азамат Боранбайұлы Шаймұрат, № 16 лицей-мектебінің директоры Татьяна Алексеевна Мигунова марапатталды. Басшы орынбасары Мерканова Әсемгүл Ермекқызы, Орталық әдіскерлері Назигүл Базарқызы Каирканова,Сарбиназ Мергенбайқызы Шарипова, Айгүл Жилқибайқызы Шакенова, Бауыржан Серікұлы Айтуғанов, жаппай-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ирина Сергеевна Кучуркина, ұстаздар Майра Әбуқызы Смагулова, Самал Бағадатқызы Арғынова, Қарлығаш Ойқанқызы Якупова алғыс хатпен марапатталды.