І халықаралық «Dionis» фестиваль байқауында № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Полина Ермолаева «Хореография» номинациясы бойынша «Dance and soul» замануи биін орындап гран-при иегері атанды. Байқау 2019 жылғы 15 сәуірде Павлодар қаласының Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында өтті.
Полина 6 жасынан бастап оқытушы Наталья Леонидовна Лукьяновада «Жасмин» би ансамблінде биге үйренді. Осы байқаудағы жетістігі оның басқа да жетістіктерінің дәлелі: 2018 жылы Павлодар қаласында өткен «Dionis» халықаралық фестивалінде гран-приді жеңіп алды, «Балауса» қалалық шығармашылық байқауының лауреаты атанды. Өзінің сүйікті ісін оқумен, театрмен жалғастырады, түрлі мектепішілік, қалалық шараларға белсенді ат салысады. Болашақта режиссер болуын жоспарлайды.