2019 жылғы 19-24 сәуір аралығында Павлодар қаласында оқушылардың ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) ресімі өткізілген болатын. Оған қаланың 15 мектебі 4-сыныптың 1781 оқушысы (қазақ тілінде оқуы – 589 оқушы, орыс тілінде оқуы – 1192 оқушы), 9-сыныптың 1165 оқушысы (қазақ тілінде – 396 оқушы, орыс тілінде – 769 оқушы) және 11-сыныптың 373 оқушысы (қазақ тілінде – 142 оқушы, орыс тілінде – 231 оқушы) қатысты.
ОЖСБ нәтижелері бойынша 4-сынып оқушыларының 2 пән бойынша (қазақ тілі/орыс тілі, математика) орташа балы 22,6 балды құрды.
4-сынып оқушыларының ОЖСБ қорытындылары қалалықтан жоғары көрсеткіш төрт мектепте бар: № 16 лицей-мектебі (28,25 балл), Б. Момышұлы атындағы ЖОМ (27,25 балл), № 35 ЖОМ (25,5 балл), № 19 ЖОМ (25,3 балл).
Ең көп балл жинаған № 16 лицей-мектебінің 4-сыныптың 48 оқушылары – 30 балл (максималды балдар санынан - 30 балл).
9-сынып оқушыларының 8 пән бойынша (қазақ тілі, алгебра, география, физика, Қазақстан тарихы, химия, дүниежүзі тарихы, биология) орташа балы 47,6 балды құрды.
9-сынып оқушыларының ОЖСБ қорытындылары бойынша облыстықтан жоғары көрсеткіш 8 мектепте бар: № 28 ЖОМ (63 балл), № 35 ЖОМ (59,2 балл), № 34 ЖОМ (58,6 балл), № 20 лицей-мектебі (58 балл), № 36 ЖОМ (54,8 балл), Б. Момышұлы атындағы ЖОМ (52,1 балл), № 5 ЖОМ (51 балл), №16 лицей-мектебі (48,9 балл).
Ең көп балл жинаған № 35 ЖОМ 9-сынып оқушылары Нуртазинов Ислам, Оспанова Жания, Серикпаева Айша - 73 балл (максималды балдар санынан - 75 балл).
ОЖСБ нәтижелері бойынша 11-сынып оқушыларының қазақ тілі, физика, тарих пәндер бойынша 65,2 орташа балды құрды.
11-сынып оқушыларының ОЖСБ қорытындылары қалалықтан жоғары көрсеткіш төрт мектепте бар: № 28 ЖОМ (79,6 балл), № 34 ЖОМ (74,2 балл), № 20 лицей – мектебі (73 балл), № 36 ЖОМ (69,5 балл), № 35 ЖОМ (67,9 балл).
Ең көп балл жинаған №34 ЖОМ 11-сынып оқушылары Савченко Иван және Корягина Елизавета - 90 балл (максималды балдар санынан - 100 балл).