ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін трансляциялаудың табысты тәжірибесі
26-04-2019 09:24
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін трансляциялаудың табысты тәжірибесі

2019 жылғы 25 сәуірде гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 ЖОМ базасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен және педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп Павлодар облысы мектептерінің директорлары мен директорларының орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізді.

Семинардың құрметтіқ онақтары ретінде Р. Д. Ашимбетова,«Өрлеу» БАҰО АҚ директоры, Ю. Г. Мельникова, К. С. Алмагамбетов, ПШО жаттықтырушысы мен әдіскері, А. Ж. Көпеев, НЗМ директор орынбасарыболды.

Мектеп директоры Е. И. Булгакова және директордың орынбасары М. Х. Түлкубекова «Мектептер: болашақ серіктестері» халықаралық PASCH – жобасын жүзеге асыру бойынша жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламалар мен оқулықтарды апробациялау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімінде мектеп мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, «Оқушылар көшбасшылығы форумын ұйымдастыру», «Ата-аналар мен мектеп»,«Мектептегі әдістемелік-психологиялық жұмысты ұйымдастыру» тақырыптарында шеберлік сыныптары өткізілді.

Бұл семинар білім берудің жаңартылған мазмұнын, оқу жоспарларының, оқулықтардың, бағдарламалардың мазмұнын, бағалау ерекшеліктерін, оқытудың әдістері мен жаңа тәсілдерін енгізу мәселелерін талқылау бойынша диалогтың өзекті алаңы болып табылады.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды.