ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде STEAM – білім беру жүйесіне көшу
29-04-2019 13:02
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде STEAM – білім беру жүйесіне көшу

2019 жылғы 26 сәуірде «Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы»МҚКК-да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.

         Пленарлы бөлімде жетекші А. П. Басевская мектепке дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетіпроцесінде зияткерлік қабілеттерін дамыту және оларды ғылыми - техникалық шығармашылыққа тарту шеңберінде 2019-2022 жылдарға арналған «STEAM-білім беруді»дамыту бағдарламасын ұсынды.

         Бағдарламаның практикалық бөлімінде дайындық тобының тәрбиеленушілері «Жас инженерлер»«Дьенеш Блоктарынан»жасалған сызбаларды «оқып», «Кюизенер таяқшаларын»пайдалана отырып, үйлердің нөмірленуін ашып, белгілеуді көрсетті.

         «Шахмат дауында»ересек топтың балалары өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялын, танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған бейнелі және вариативті ойлау қабілеттерін көрсетті.

Көркем және техникалық шығармашылық синтезі негізінде өнімді қызметті ұйымдастыру «Мен әлемді жаратамын» ересек тобының шағын Арт-студиясынан көруге болады.

«Лего - менің алғашқы тарихым!» ойынында екінші кіші топтың балалары интеллект, қиял, кеңістіктік ойлау, ұсақ моторика, шығармашылық тапсырмалар мен коммуникативтік қабілеттерін конструкторлық қызмет арқылы дамытады.

        Балалардың қоршаған ортаның ақпараттық ағымында бағдарлай білуі және қазіргі заманғы «АКТ – технологиялар» техникалық құралдарының көмегімен ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруі жоғары топ балаларынан бақылауға болады.

«Мен және менің жүрегім», «Бізді қоршаған әлем» тәжірибелік - эксперименталдық қызметі арқылы ересек және дайындық топтарының балалары қоршаған әлем мен ғажайыптар туралы түсініктерді қалыптастыруды көрсетті.

      «STEAM-білім беруді» жүзеге асыру бойынша мектепке дейінгі балаларды психологиялық сүйемелдеуді инновациялық әдіс арқылы балабақша психологы

Н. П. Кишкина көрсетті.

Практикалық бөлім «Бәрі футболға!» музыкалық нөмірімен, қорытынды бөлім «STEAM-білім беру туралы» мектепке дейінгі балалар іс-шарасымен аяқталды.

         Сараптама комиссиясының мүшелері ұсынылған «STEAM – білім беру» бағдарламасы, ұсынылған мазмұнның практикалық маңыздылығы және құрылған балабақша материалдық - техникалық базасы бойынша өз пікірлерін білдірді.

         Сараптама комиссиясы «Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасы» МҚКК «STEAM-білім беру» орталығы – инновациялық алаң мәртебесіне ауыстыру мүмкіндігі туралы ұсыныс айтты.