ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы ЖОМ және №41 ЖОББМ-нің оқушыларының жеңіл атлетика жүгірісі
30-04-2019 14:45
Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы ЖОМ және №41 ЖОББМ-нің оқушыларының жеңіл атлетика жүгірісі

Жас спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын дәстүрлі жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізіледі, оған Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ және Павлодар қаласының № 41 ЖОББМ-нің 8-9 сынып оқушылары қатысады.

     Биыл жүгіріс 22-ші рет өткізіледі. Жүгіру Павлодар – Қалқаман –Майқайың-Баянауыл-Қарағанды-Екібастұз - Павлодар бағыты бойынша өтеді.  Биылғы жылы мерекелік күндерге: Жеңіс күнінің 74-жылдығына, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Камзинның 100-жылдығына, Нұр Отан партиясының 20-жылдығына және жастар жылына арналады. 

     Әр елді мекенде қатысушылар волейбол, баскетбол, тоғыз құмалақ, асық ату бойынша жолдастық спорттық турнирлер өткізеді, Даңқ тақтасына гүл шоқтарын қояды, соғыс ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен кездесулер өткізеді, қалалар мен аймақтардың көрікті жерлерімен танысады.

     Дәстүрлі жеңілатлетикалық жүгірістің салтанатты ашылуы 29 Сәуір 2019 жылы сағат 9.00-де Канаш Камзин ескерткішінің жанында өтті.

    Жүгіруге арналған салтанатты митингте Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің жиені  Дәулетбек Әділбекұлы Жұмаділдинов сөз сөйледі.

  Жүгірістің демеушілері:

 •Павлодар облысының білім беру басқармасы

 •Павлодар қаласының білім беру бөлімі

 •  Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі

 •Форте банк АҚ

 • «Ақжол» Автоүйі

 • «Лукас» фирмасының директоры - Лукин Игорь Витальевич

 • «Топ Интер» фирмасының директоры - Рабков Сергей Юрьевич

 • «Нариман» шаруа қожалығының директоры Жаукенов Ерлан Құрмашұлы.

 • «Кейтеринберг Қазақстан» ЖШС атынан Поматилов Сергей Сергеевич.

 • «Макси Чай» Фирмасы