ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өлкетану бойынша бірыңғай сабақ
30-04-2019 14:55
Өлкетану бойынша бірыңғай сабақ

2019 жылы 29 сәуірде сағат 11.00-де қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 5 - 7 сынып оқушылары үшін «Өлкетану» курсы бойынша бірыңғай сабақ өткізілді. Бірыңғай сабаққа қаланың жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, Марғұлан орталығы, «Павлодар география үйі» ҚБ, Бұхар Жырау атындағы, Г. Потанин атындағы мұражайлардан  өкілдері қатысты.

«Өлкетану» курсы бойынша бірыңғай сабақты өткізудің мақсаттары мен міндеттері оқушылардың бойында өңірдің дамуын сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру үшін жағдай жасау, көрнекті жерлестердің мысалында және тәжірибесінде қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие беру, оқушыларды туған өлкенің мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, биологиясына, географиясына баулу; Павлодар өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау болып табылады.

Өлкетану бірыңғай сабағы аясында келесі іс-шаралар өткізілді: «Туған өлкенің аңыздары мен ертегілері», «Туған өлкенің шежіресі», «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы», «Туристік бағыттар» виртуалды экскурсиялар. «Мәдени-тарихи дәстүрлерді сақтаушылар: өлкенің халық қолөнері» көрмесі. «Жәдігерлер сөйледі», «Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер», «Өлкенің тарихи тұлғалары» мұражайларына бару. «Туған жердің таланттары» атты суретшілердің, әншілер мен композиторлардың шығармашылығымен танысу-кездесу. «Менің туған өлкем өлең мен прозадағы» әдеби қонақжай. Меценаттармен және демеушілермен, әлеуметтік серіктестермен кездесулер. «Аймақтың визит карточкасы», «Тарих куәгерлері» фотокөрмесі.