ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Рауан» балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаттары
30-04-2019 18:49
 «Рауан» балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаттары

«Рауан» балалар шығармашылығының қалалық фестивалі үздік нөмірлер гала-концертімен аяқталды. Фестивальге «Вокал», «Көркем сөз», «Хореография» жанрларында Павлодар қаласының 58 мектепке дейінгі мекемесінің шығармашылық ұжымы қатысты.  

Бір ай ішінде фестивальдің 2 іріктеу турында 700–ден астам бала өздерінің шығармашылық көркем нөмірлерін ұсынды. Қаланың мектепке дейінгі мекемелері тәрбиеленушілерінің 100-ден астам нөмірі ішінен 28 көркем нөмірі үздік болып танылып, фестиваль лауреаттары атанды. 

Фестивальдің қорытындылаушы гала-концертінде қатысушылар 3 номинацияда лауреат атағына ие болды.

Шығармалылық марафонның барлық жанрында үздік нәтиже көрсеткен №96 сәбилер бақшасы «Радуга» үйлесімді даму орталығы абсолюттік жеңімпаз атағын жеңіп алды, сәбилер бақшасына фестивальдің ауыспалы кубогі табысталды.

Гала концертті № 96сәбилер бақшасының хореографиялық ансамблі ашты. Гала-концертке № 6, 8, 10, 19, 27, 30, 31, 33, 34, 35, 37, 38,  44, 46, 51, 84, 93, 96, 104, 117, 120, 126 сәбилер бақшалары  және  № 26 балалар шағын орталығы қатысты.

Гала-концертке өткен барлық нөмір «Бүлдіршін» балалар шығармашылығының  облыстық  фестивалінде Павлодар қаласы атынан өнер көрсететін болады.

Фестиваль лауреаттарына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалар шығармашылығын дамыту орталыныңын дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.