ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес
03-05-2019 15:26
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес

Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2019 жылғы 2 мамырда №14 ЖОМ жазғы демалыс кезінде балалардың жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізді. Кеңеске мектеп жанындағы лагерлердің бастықтары мен жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.

Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту, балалардың көшеде, жолдарда, жаяу жүргіншілер жолында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Денсаулық сақтау өкілдерімен балаларды сауықтыру ұйымдарын қадағалауды ұйымдастырудың, салауатты өмір салтының алдын алу, сауықтыру және балаларға арналған сауықтыру іс-шараларының тиімділігін арттырудың, қоғамдық денсаулықты сақтаудың өзекті мәселелері қаралды. Дін істері басқармасының өкілі балаларды деструктивті діндерге және жалған діни ұйымдарға тартуға жол бермеу мәселелеріне тоқталды. «ПРЭК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының директоры электр энергиясымен қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық өткізді. Сондай-ақ судағы төтенше жағдайларды болдырмау, өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Барлық қатысушыларға тарату материалдары таратылды.