ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіпқойлық, шығармашылық, табыс
03-05-2019 16:06
Кәсіпқойлық, шығармашылық, табыс

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 29 балабақшада «Үздік әдіскер - 2019» қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты - мектепке дейінгі мекемелер әдіскерлерінің әдістемелік жұмысын ұйымдастырудағы үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және қолдау, кәсіби шығармашылықты ынталандыру, білім беруді дамытуға жеке үлесін көпшілік мойындау, мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.

Байқау екі кезеңде өткізілді. Қатысушының кәсіби әдістемелік қызмет деңгейін, жұмыс тәжірибесін бағалау мақсатында 2019 жылғы 19 сәуірде 21 қатысушының қатысуымен «Педагогикалық портфолио» қорғау іріктеу кезеңі өтті. 

Іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға балабақшалардың 8 әдіскерлері өтті: Әбілмажинова Фариза Назымбекқызы (№ 4), Құдайбергенова Гүлдана Дүйсенбайқызы (№7), Шилова Наталья Николаевна (№ 11), Адуова Алмагүл Төлешқызы (№ 12), Юнаш Галина Анатольевна (№ 27), Мартын Надежда Александровна (№ 31), Мукушова Раушангүл Наурызбайқызы (№ 35), Кагабаева Динара Валерьевна (№ 53).

Сайыскерлер финалдық турда өздерінің шығармашылық шеберлігін және идеяларының ерекшелігін көрсете білді, өз жұмысының нәтижелері туралы «Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскері» атты бейнепрезентациясын ұсынды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру мақсатында TEDx форматында олар өз жұмысының жүйесін негіздеп, іске асырылған жобаның негізгі идеясын және алынған нәтижелерді көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша гран-при Галина Анатольевна Юнаш  № 27 сәбилер бақшасының әдіскеріне берілді.

«Шоқжұлдыз» номинациясында Наталья Николаевна Шилова № 11 сәбилер бақшасының әдіскеріне берілді.

«Шеберлік шыңына» аталымы бойынша Надежда Алесандровна Мартын № 31 сәбилер бақшасының әдіскеріне берілді.

«Надежда» номинациясы  бойынша  Алмагүл Толешқызы Адуова № 12 сәбилер бақшасының әдіскеріне берілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің құрмет дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.