Павлодарда облыстық сап түзеу және әндер конкурсында
2019 жылғы 3 мамырда Павлодар қаласының орталық алаңында қала мен аудан оқушылары арасында Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған VI облыстық сап түзеу және әндер конкурсы өткізілді. Өңіріміздің қалалары мен аудандарынан 15 команда құрамында 500 жас патриот қатысты.
Конкурс парадтық есептердің сырт түрін қарау және теориялық білімдерін сынау, салтанатты шерумен өту, әнмен өту секілді үш кезеңнен тұрды. Конкурс қорытындысы бойынша қалалар арасында І орынды Павлодар қаласының № 1 командасы, ІІ орынды Павлодар қаласының № 2 командасы иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы диплом және кубоктармен марапатталды.