ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әрбір бала ерекше, барлық балалар тең
04-05-2019 16:49
Әрбір бала ерекше, барлық балалар тең

       Павлодар қаласының білім беру бөлімі №29 ЖОМ-да «Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып, жеке қызмет түрлерін қолдану» атты семинар-практикум өткізді. Семинарға 120-дан астам бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысты.

      Семинарда қатысушылардың жұмысы 5 секцияда ұйымдастырылды. «Бір-біріне қарама-қарсы» секциясында бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс тәжірибесінен педагогты инклюзивті білім беру жағдайында іс-әрекетке дайындау бойынша материалдарды ұсынды, бастауыш сынып мұғалімдері  А. Е. Рассказова, Т. Л. Тарвидас. Психологтардың, әлеуметтік педагогтардың секциясында әлеуметтік педагог В. Г. Хуако, мектеп психологы О. В. Стулова оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша «Инклюзивті білім беру. Балалар қуанышы» тақырыбында тренинг өткізді.«Оқуға үйренейік»секциясында информатика мұғалімі А. В. Скляренко, математика мұғалімі Ю. П. Вдовенко ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқу жетістіктерін формативті бағалау үшін жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне әзірленген тапсырмаларды ұсынды. «Мы живем, как можем, а они живут, как мы поможем» секциясында ағылшын тілі мұғалімдері И. Л. Краузе, А. В. Туманшина әзірленген практикалық материалға тест түрінде, қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдеріне арналған тілдік цикл пәндері бойынша үлестірмелі материалға тоқталды. «Әр бала ерекше...барлық балалар тең»секциясында педагог-психологтарменерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша мектеп жұмысының тәжірибесімен психолог Д. Е. Мукушева бөлісті.

   Семинардың практикалық бағыты педагогтардың осы бағыттағы білімін кеңейтуге, инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктеріне тоқтауға мүмкіндік берді.Семинар жұмысының қорытындысы бойынша педагогтарға буклеттер, брошюралар, мектеп жұмыс тәжірибесінен алынған құралдар түрінде үлестірмелі материалдар ұсынылды.