ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қауіпсіз әйнек» қалалық акциясы
06-05-2019 10:01
«Қауіпсіз әйнек» қалалық акциясы

        Павлодар қаласы білім беру бөлімі және облыстық маслихат депутаттардың көмегімен балалардың жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қауіпсіз әйнек» қалалық акциясы басталды.

      Акция аясында мектепке дейінгі мекемелер 2019 жылғы 4 мамырдағы Аймауытов атындағы қазақ драма театрының аланыңда балалардың әйнектен құлап түсуіне жол бермеу бойынша халық арасында ақпараттық жұмыстарын  жүргізді. Саяхат жасау формасында үлкендерге блиц-сұрақтар, балалар ертегілік көрсетілімдер қойды, ертегілік кейіпкерлер балаларды үйде жалғыз тіпті бірнеше минутқа қалдыру ата-аналардың немқұрайлық салдарынан неге апаратынын көрсетті. Пластикалық әйнектердің өкілдері блокиратор мен фиксаторды құруды ұсынды. Акцияның соңында қатысушылармен флэшмоб жүргізілді, лотореялар ойнатылды, буклеттер, балалардың әйнектен құлап түсуіне жол бермеу жөнінде ескертпелер таратылды.

         «Жігер» балалар жасөспірімдік клубы сонымен бірге, мектепке дейінгі мекемелер шағын ауданның тұрғындарына «Жаңа мәнердегі Бауырсақ»  сахналандырылған көрінісін, музыкалық нлмерлерін ұсынды. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздік шаралары жайлы кепілдемелермен буклеттер таратылды. Шара «Менің қауіпсіз үйім» асфальтта сурет салу сайысымен аяқталды.

    Химгородок шағын ауданынның 10 балабақшасында бір мезгілдегі  флешмоб, балалар мен ата-аналарға алдын алу түрінде «Үйде жалғыз» театрлық көрінісі ұсынылды, әйнектерді құрумен айналысатын фирмалардың өкілдердің қатысуымен ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындарға «Ашық әйнек - балалардың өміріне қауіпті» ескертпе-беттері таратылды. Даярлық топтың тәрбиеленушілері облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне барды. Травматолог дәрігері балалармен «Егерде үлкендердің үйде болмаған кезде», «Үйде және даладағы қауіпті жағдайлар» деген әңгімелесу сабақтарын өткізді.