Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Равнение на флаг!» қалалық жалаулар тобы байқауы туралы
17-05-2019 11:32

2019 жылғы 22 мамырда сағат 11.00 - 15.00 аралығында Даңқ Ескерткішінде (Жеңіс Алаңы) Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығымен «Равнение на флаг!»  қалалық байқауы өткізіледі. Байқау мақсаты – оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру, мемлекет халықтарының әскери, еңбек және ұлттық дәстүрлеріне беріктігін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімін жинақтау және рәміздерге құрметпен ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Байқауға қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің командалары қатысады (8 - 11 сыныптан 3 оқушы).

Байқау щеңберінде:

мемлекеттік рәміздер және алғашқы әскери дайындық бойынша сұрақтарға жауап беру.

Мемлекеттік тудың саптағы жағдайын, оны шығару және әкетуін көрсету.

Әділқазылар қауымында  Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері жұмыс жасайды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. І орынға ие болған командалар байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі