Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балабақша - мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу орталығы» моделінің тұсаукесері
23-05-2019 10:02
«Балабақша - мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу орталығы» моделінің тұсаукесері

        2019 жылғы 22 мамырда Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасында «Сәбилер бақшасы - экологиялық-эстетикалық даму орталығы» моделінің тұсаукесері» тақырыбында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.

Сараптамалық кеңестің отырысы экологиялық квест түрінде өтті және үш блоктан тұрды. Балабақша басшысы Галина Степановна Лебедева мектепке дейінгі мекеменің инновациялық қызметінің моделін таныстырды.

Балалармен жұмыс жасаудың экологиялық-танымдық блогында отырысқа қатысушылар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің де, әр жас тобында дербес де үзінділерін көрді. Педагогтар кеңес мүшелерін әзірленген және бейімделген жұмыс бағдарламаларымен, түрлі технологияларды қолданумен әдістемелік құралдармен таныстырды: проблемалы жағдайларды модельдеу, экологика, экотеатр, метеостанцияда жұмыс істеу, ауа райы кітабын, қағазпластик жасау. «Эко кейс» технологиясы арқылы отырысқа қатысушылар еркін қызметте дамыту ойындарын өткізу технологиясымен танысты.

Экологиялық-сауықтыру жұмыстары бойынша «Квест», «Глайдинг» инновациялық технологияларды интеграциялауды пайдаланудың мақсаттары мен міндеттерімен танысты, мектепке дейінгі кіші жастағы балалармен жұмыста «Солнышко» стандартты емес көпфункционалды жабдықтарын пайдалану бойынша жұмысты бағалады.

Қорытынды бөлімде отырысқа қатысушыларға «Жер біздің ортақ үйіміз» атты музыкалық-театрландырылған шоу ұсынылды. Балалар ата-аналарымен бірге тастанды материалдан ерекше костюмдер жасап, дефиле-көрсетілімде көрсетті. «Атамекен-Отаным» ҚБ маманы Галина Львовна Брауэрдің жетекшілігімен отырысқа қатысушылар балабақшаның аллеясына жас емендер отырғызды, осылайша «Отырғызамыз! Өсіреміз! Сақтаймыз!» ұзақ мерзімді экологиялық акциясын аяқтады.

Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша мектепке дейінгі мекеменің инновациялық қызметіне баға берілді және одан әрі даму перспективалары белгіленді.