Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақ ұлттық ғаламтор байқауының жеңімпазы
24-05-2019 14:51
Қазақ ұлттық ғаламтор байқауының жеңімпазы

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 11 жасар оқушысы, Інкар Абзал «Халық сүйіктісі» қазақ ұлттық ғаламтор байқауының «Балғын суретші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол «Жас өркен» республикалық балалар сыйлығына лайықты. Сондай-ақ байқаудың нышаны болып келетін, атаулы стэлла марапаты мен жеңімпаз дипломына ие болды. Сайысты «Республика - Өңір - Өркендеу» ҚФ-ды өткізді. 

        Інкар көркемсурет мектебінде 5 жасынан бастап шұғылданады.  Ол Чехияда өткен халықаралық графика байқауының дипломанты болып табылады (2017 жыл), 2018 жылы Мәскеуде өткен «Шекарасыз балалаық шақ» атты халықаралық балалар бейнелеу өнері байқауында III орынға ие болды, Ресейдың Старый Оскол қаласындағы «Қызыл кітап балалар көзімен» халықаралық сайысында лауреат атанды.