Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы әкімінің дарынды балалармен және олардың ұстаздарымен кездесуі
24-05-2019 15:20
Павлодар қаласы әкімінің дарынды балалармен және олардың ұстаздарымен кездесуі

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеевтің 2018 - 2019 оқу жылының облыстыстық, республикалық зияткерлік жарыстар мен ғылыми байқаулар жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен, әрі олардың ұстаздарымен дәстүрлі кездесуі 2019 жылғы 24 мамырда «Крендель» банкет-холында өтті.

Кездесуде әкіммен өз жетістіктерімен № 9 гимназия-мектебінің, № 16, 20 лицей-мектебінің, М. Әуезов, Б. Момышұлы атындағы мектептерінің, № 1, 17, 18, 23, 25, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 40 мектептерінің 48 қатысушысы бөлісті.

Әкімге ақпарат «Оқушылардың 2018-2019 оқу жылындағы облыстық және республикалық олимпиадалардағы жетістіркер» бейнефильмі түрінде ұсынылды. Павлодар қ. олимпиадалық  құрамасы 20 жыл бойы «Үздік қалалық олимпиадалық команда» атағын растап келеді. Осы жылы қала оқушыларының жетістіктері өте маңызды болды. Оқушылар республикалық олимпиадаларда 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. Облыс зияткерлерінің есімдері олимпиадаларда 5 рет аталды, соның ішінде 2 рет республикалық және 3 рет облыстық деңгейде. Қала абыройын республикалық деңгейде қала мектептерінің 9 оқушысынан құралған облыстық команда құрамы қорғады.  

Республикалық пән олимпиадасында 4 оқушы алтын және қола медальдерінің иегерлері болды. № 16 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Мельник София орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша алтын медаль және «Абсолюттік жеңімпаз» атағына және ғылыми жобалардың республикалық байқауының алтын медаль иегері, М.Әуезов атындағы ЖОМ-ның 11-сынып оқушысы Флюг Елена құқық негіздері бойынша алтын медальмен марапатталды. Инновациялық типті № 39 ЖОМ 11-сынып оқушысы Теміржанов Фарид неміс тілі бойынша, № 36 ЖОМ 11-сынып оқушысы Ковальчук Александр орыс тілі мен әдебиеті бойынша қола медальмен  марапатталды.

№ 40 ЖОМ 11-сынып оқушысы Дунаев Михаил ғылыми жобалар республикалық байқауының алтын медалінің иегері болып табылады, № 9 гимназия-мектебінің 11-сынып оқушысы Ульянова Майа республикалық президенттік олимпиадада қола медальді жеңіп алды.

Қала әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы облыстық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздарына «Сарыарқа жұлдыздары - 2019» атаулы кубоктарын, Алғыс хаттар мен ноутбуктарды табыстады.

Кездесуге республикалық пән, президенттік олимпиадасының және ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған 6 мұғалім шақырылды: Гүлнәр Еркінқызы Қазкенова, № 16 лицей-мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Айымгүл Белгібайқызы Күпесова, М.Әуезов атындағы ЖОМ құқық негіздерінің мұғалімі, Надежда Геннадьевна Петрица, № 36 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Танзиля Рафкатовна Мокроусова, № 39 ЖОМ неміс тілі мұғалімі, Нина Вадимовна Меркушева, № 9 гимназия-мектебінің химия мектебі, Руслан Валентинович Бачиев, № 40 ЖОМ робототехника бойынша үйірме жетекшісі.

2019 жылғы республикалық пән олимпиадасына, ғылыми жобалар байқауына қатысуға сапалы дайындағаны үшін ұзтаздарға қала әкімінің Алғыс хаттары табысталды, қалалық кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйақысына ие болды.

Құрама қалалық командасының атынан облыстық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы Мельник София сөз сөйледі және қала әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеевке «Сарыарқа  дарындары 2018 - 2019» кітабын табыстады.