ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар шығармашылығында бейбітшілікті сақтау
27-05-2019 10:24
Балалар шығармашылығында бейбітшілікті сақтау

Италия елшілігі мен Павлодар қаласы Білім беру бөлімі бірігіп ұйымдастырған  «I COLORI PERLA PACE - Әлемге арналған бояу» атты халықаралық балалар суреттер көрмесінің жабылуы  2019 жылдың 26 мамыр күні Естай атындағы ҚМС-да  өтті. Оның мақсаты - балалар шығармашылығы арқылы бейбітшілік идеалдарын насихаттау, әдемілікті көре білу және туындылау. Көрмеге Екібастұз және Павлодар қаласы ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубының тәрбиеленушілері мен Павлодар қаласының №39 ЖОМ оқушыларының 300-ден аса жұмыстары ұсынылды. Павлодар өңірінің ЮНЕСКО көркемсурет мектеп-клубтары, бейбітшілікті сақтау және насихаттау бойынша ЮНЕСКО балалар өнері көрмелерінің тұрақты қатысушылары болып табылады.

Іс-шара барысында Италия елшілігінің мәдениеті бойынша атташесі Эмилио Сесса көрме қатысушыларын құттықтай келе, серификаттар табыстады. Көрменің жабылуына суретшілер Одағының төрағасы Ануар Есмұханұлы Игембаев, журналистер Одағының корреспондент-мүшесі Ерсін Қаскиұлы Тақырбасов, облыстық көркемөнер мұражайының басшысы Айгүл Нұрланқызы Нұрғамисова, сондай-ақ балалар, ата-аналар, суретшілер, көркемсурет және жалпы білім беруі мектептерінің басшылары мен ұстаздары қатысты.

Бұл жоба, балалар шығармашылығы арқылы бейбітшілік идеалдарын насихаттау болып табылады, және де оған өте жоғары деңгейде қолдау көрсетілуде. Барлық әлем балаларының суреттерінде бейбіт және бақытты балалық шаққа деген үміт бейнеленген. Жобаның үш жыл бойы атқарған жұмысы уақытында әлем бойынша 113 елдің балаларынан 18 мыңға жуық суреттер жиналды. Балалар жұмыстары көрме түрінде, басқа елдер мен Италия аймағы және қалаларында үнемі қойылып тұрады. Ең алғашқы көрме 2015 жылы Сант-Анна ди Стаццема қаласында,екінші дүниежүзілік соғыста зардап шеккен балалар мен олардың ата-аналарына арналған ескерткіш орналасқан саябақта өтті.  1944 жылдың 12 тамыз күні фашисттер Лукка қаласының шет аймағында орналасқан кішігірім қалашықта тұратын 260 азаматтық тұлғаларды атып тастады. Ал 2000 жылы осы жерде «Parco nazionale della Pacedi Sant' Anna di Stazzema» ұлттық саябағы және құрбан болған жандар естелігі үшін монументальды кешен құрылды. Жас ұрпақ осы екінші дүниежүзілік соғыс сұмдықтары туралы білу қажет. Сондықтан да үнемі 12 тамыз күні осы саябақта, құрбан болғандарға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. «I Colori per la Pace» қауымдастығы төртінші жыл балалар суреттернің көрмесін өткізуде.