ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу жылының музыкалық қорытындысы
30-05-2019 09:01
Оқу жылының музыкалық қорытындысы

2019 жылғы 28 мамырда Павлодар қаласыының Балалар музыка мектебінде оқу жылының қорытындысы бойынша «Праздник солнечного детства» атты мерекелік концерт өтті. Концертке мектептің 200-ге жуық оқушысы қатысты.

Дарига Булатовна Аллахвердиеваның жетекшілігімен биылғы жылы құрылған вокалдық ансамбль «Шабу-дабу» атты көңілді, тентектік ән орындады. Қысқа мерзімде ансамбль қалалық және облыстық іс-шараларға, конкурстарға қатысты. Сондай-ақ, сахнада Халимон Юрий Александрович жетекшілік ететін аспаптық ансамбль де алғаш рет сахнаға шықты. Ансамбльдің орындауында Джим Хенсон және Сэм Потлдың «Muppet Show» пьесасы шырқалды.

Көрермендерге мектеп ұжымы мен оқушылары, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары өздерінің ең үздік нөмірлерін ұсынды. Мектептің талантты оқушыларының бірі, 51-ші Республикалық Жас музыканттар конкурсының, «Жібек жолы» халықаралық конкурс-фестивалінің, IX Халықаралық жас музыканттар «Музыка жолы - 2019» конкурсының лауреаты Тимур Айтмағамбетов Ю. Чичковтың «Утро твое, Москва» кинофильмінің әнін орындады. «The best in Kazakhstan» республикалық эстрадалық вокал және хореография конкурсының лауреаты Дания Усина «Бір үйдің баласындай» әнін, барлық мектеп концерттерінің, қалалық және облыстық іс-шаралардың қатысушысы Рауш Арианна «Жаңа ғасыр» әнін орындады.

Концерттің негізін мектеп жұмысының бір бағыты - ансамбльдік ұжымдар құрады. Концертке мектептің 3 хор ұжымы (бірінші, орта, жоғарғы сынып), саксофонисттер, қобызшылар, скрипкашылар ансамблі, «Серпін» фольклорлық ансамблі қатысты.

         Осы оқу жылының қорытындысы бойынша 200-ден астам мектеп оқушылары 18 фестиваль-конкурстарға қатысты, оның ішінде 29 оқушы гран-при иегері атанды, І орын – 60 оқушы, ІІ орын – 47, ІІІ орын – 43 оқушы.