Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептері директорларының кеңесі
30-05-2019 14:41
Қала мектептері директорларының кеңесі

2019 жылғы 29 мамырдағы жалпы білім беретін мектептер директорларының кеңесінде қала мектептерінің 10 сынып оқушыларының әскери-далалық жиындарының қорытындылары туралы, «Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеу тұжырымдамасын» іске асыру туралы, «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде патриоттық тәрбие және азаматтық білім беру бойынша жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Білім беру мекемелерінде балалардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салты дағдыларын насихаттау, жол-көлік оқиғаларының, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар, мектеп кітапханалары мен мектеп мұражайларының тәрбие жұмысындағы рөлі туралы жұмыстарға талдау жасалды.

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі қорытындылары және қосымша білім беру ұйымдарында контингенттің сақталуы, білім беру мекемелеріндегі қамқоршылық кеңестердің жұмысы, оқу-тәрбие жұмысында мамандандырылған кабинеттерді пайдаланудың тиімділігі туралы есептер тыңдалды.

Оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелеріндегі жұмыс жағдайы, БАҚ-та мекемелердің оң имиджін қалыптастыру бойынша жалпы білім беретін мектептердің қызметі, мектептерде «Sakura» жобасын енгізу, қала мектептерінің оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат ұсынылды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С.О.Айтқазина алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы жас оқытушылармен жұмысқа, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға және өткізуге, оқу жылының аяқталуына ерекше назар аударды. «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша Директорлар орынбасарларымен семинар өткізу, пән олимпиадаларына қатысуға дайындық бойынша юниорлармен жұмыс жасау, 1-ші сыныпқа және басқа мектепке ауысу бойынша автоматты түрде өтініштерді қабылдау жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары туралы ұсыныстар берілді.